«№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

Бәрі де мектептен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

№34 орта мектеп «Өндіріс» кентінің аумағында орналасқан. Мектеттегі оқыту мен тәрбие үдірісі қазақ тілінде жүргізіледі. 2011-2012 оқу жылын 31 сынып комплектісімен, (оның ішінде біреуі –мектепалды сыныбы) 629 оқушымен бастады. Сыныптардың толықтылығы -21. Оқу мекемесінде 1 спорт зал (140 м²), акт залы (70 орындық), 1 кітапхана оқу залымен, медбике кабинеті, 60 орындық асхана бар. Оқу кабинеттер саны -14, информатика, физика, химия, биология, «Өзін-өзі тану», лингофон кабинеттері және 10 интерактивті тақта оқушылар игілігі үшін жұмыс істеуде. Мектеп ауласында футбол және алғашқы әскери дайындық жүргізілетін алаңдар орналасқан.


Оқиғалар

Барлық оқиғалар
Қадірлі мұғалімдер мен оқушылар!
Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мереке – баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың мерекесі. Әлемге аты әйгілі болған Қазақстанның тұғыры биік, еңселі ел болуына тілектеспіз!

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.
02.10.10 күні сағат 12:00 де «Мектеп – білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі» атты мерекелік кеш өтті.
02.10.10  күні  сағат 12:00 де  «Мектеп – білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі» атты мерекелік кеш өтті.
Кешті мектеп директоры Ұлболсын Бекмырзақызы сөз сөйлеп, мектеп ұжымын құттықтап, шығармашылық топпен жүргізілген жұмыстарының ерекше жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеште "Жас жігер" ұйымы өнер көрсетіп, ұстаздарына ақ тілектерін жолдады.
Қадірлі ұстаздар!
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңзбен құттықтаймыз!  Сіздерге зор денсаулық, мол қуаныш және отбасылық бақыт тілейміз. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолда еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Сіздерден білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз әрқашан үміттеріңізді ақтап, білімнің биік шыңдарынан көріне берсін. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалықтар


12 Апрель 2012

Қымбатты ғалымдар! Құрметті ғылым қызметкерлері! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі сіздерді төл мерекелеріңіз - ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

Қазақстан ғалымдарының кәсіби мерекесі жаңа ұлттық ғылым жүйесінің  құрылуына  негіз болған  ғылым  туралы  жаңа Заңын жүзеге асырудың алғашқы жылының  аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр.

11 Апрель 2012

"Дарын" Республикалық ғылымы-практикалық орталығы ғарышкерлер күні қарсаныңда "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша халықарылық ғылымы жарыстарын өткізуді жақсы дәстүрге айналдырды"

Ғарыштық кеңістік қашанда бұрын зерттелмеген мүмкіндіктер қолданылған ғылыми жаңалықтармен, өрлеуге байланысты алға жылжудың көкжиегі болып табылады.

27 Март 2012

Халықаралық «Ңұрорда» мектебінде республика аймақтарындағы 200-ге тарта сынып жетекшілерінің «Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық жолдары» атты республикалық семинар-слеті өтті

Қазіргі уақытта еліміздегі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және...

5 Март 2012

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2012 жылдың 5 ауысымы «шексіз күлкі» ктк балалар командаларының республикалық кездесуі өтеді

Ауысымның басты мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді, мақсатты ұйымдастыру, қабілеттері мен мүмкіншіліктерін анықтау, шығармашылық іске асыру.
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттiгi
қорлар:

Қазақстан халығының рухани дамытуын қор http://www.ruhdk.kz Мемлекеттiк тiлдiң порталы http://www.til.gov.kz Н.А.Қазақстанның республикасының Президентасы жолдау. http://www.akorda.kz ҚРдың мәдениет министрлiгi http://www.mki.gov.kz